Жаңалықтар

Амангелді және Тәуіш ауылдарында 40 үйдің құрылысы басталды

Амангелді және Тәуіш ауылдарында 40 үйдің құрылысы басталды
Фото: Олжас Адай 06.06.2024 14:33 491

Қостанай облысының Амангелді және Тәуіш ауылдарында су тасқынының зардаптарын жою жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Тамыз айына дейін зардап шеккендерге 40 жаңа үй салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта 40 жаңа үйдің құрылысы басталып, 24 үйде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, 15 үй сатып алынды

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметінше, Қостанай облысында 1308 нысанға техникалық байқау жүргізілген. Оның нәтижелері бойынша 149 үй тұрғызылып жатыр, 330 үй сатып алынды,  829 үйде жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Өңірде атқарылып жатқан жұмыстар инфрақұрылымды барынша қысқа мерзімде қалпына келтіріп, зардап шеккен азаматтарымызды жаңа баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға