Amanat партиясының съезіне өңірлерден 2 мыңнан аса адам келді
07.02.2023 11:07
Фото:
Amanat
Amanat-тың кезектен тыс XXV съезі басталады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Еліміздің барлық өңірінен 2000-нан астам адам Amanat-тың басты саяси іс-шарасына жиналды.
Олардың қатарында саяси кеңес мүшелері, Мәжілістің VII шақырылым депутаттары, өңірлерден келген делегаттар, партияның «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері, сондай-ақ сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және тағы басқалары бар.

