«AMANAT» партиясы Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
30.03.2023 10:35
Фото:
El.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан жаңа Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.

