“Amanat” партиясы 90 адамды депутаттыққа ұсынды
Фото: El.kz
Фото: El.kz
15.02.2023 10:57
1503
ОСК он екінші отырысын өткізді. “ Amanat” партиясының партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ОСК хатшысы Мұхтар Ерман мәліметінше, құжаттар барлық талапқа сай.
“ОСК Мәжіліс депутаты қылып сайлау үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен конституциялық заңға сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституцияның және Сайлау туралы заңның талаптарына сәйкес келеді”,- деді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.
“AMANAT” партиясы 90 адамды депутаттыққа ұсынды. Оның 32,2-%-і яғни 29 үміткер әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға