Жаңалықтар

"Аманат" фильмін көру – баршаңызға аманат!

«Аманат» атты толықметражды фильмнің алдын ала көрсетілімі болды. Көрсетілім 31 мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орайластырылды.
02.06.2015 03:47 8977

Жақында көрнекті ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы, «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдардағы Қазақстан» атты еңбектің авторы, қазақ тарихының жанашыры, біртуар тұлға Ермұхан Бекмахановтың өнегелі өмірін баяндайтын «Аманат» атты толықметражды фильмнің алдын ала көрсетілімі болды. Көрсетілім 31 мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орайластырылды.

"Аманат" фильмін көру – баршаңызға аманат!

"Аманат" фильмі (2015)
Режиссері: Сатыбалды Нарымбетов;
Жанры: әскери, тарихи, драма;
Ұзақтығы: 141 минут;
Басты рөлдерде: Берік Айтжанов, Санжар Мәдиев, Ерден Тілемісов, Қарлығаш Мұхамеджанова...

"Аманат" фильмін көру – баршаңызға аманат!

Фильмнің желісі бірнеше уақыт аралығын қамтиды. Нақтырақ айтсақ, қазақ даласындағы ХІХ ғасырдың орта тұсы — Кенесары ханның тәуелсіздік жолындағы күресі, ХХ ғасырдың ортасы және 60-жылдардың соңы көрсетілген.

"Аманат" фильмін көру – баршаңызға аманат!

Фильмде Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске арналған зерттеулері үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған тоталитарлық жүйенің құрбаны, Алаш арысы Ермұхан Бекмахановтың тағдыры баяндалады.

"Аманат" фильмін көру – баршаңызға аманат!

Қазақ халқының болашағына алаңдаған фильмдегі әр кейіпкердің тағдыры өз заманында суреттелсе, олардың алға қойған мақсат-мүдделері бір — ар-ожданына берік болу және өз халқының бостандығына қол жеткізу. Кинотуындының режиссері және сценарий авторы — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сатыбалды Нарымбетов.

"Аманат" фильмін көру – баршаңызға аманат!

Басты рөлдерде Берік Айтжанов (Ермұхан Бекмаханов), Қарлығаш Мұхамеджанова (әйелі — Халима), Санжар Мәдиев (Кенесары хан), Әзиз Бейшеналиев (КГБ қызметкері) ойнайды.

"Аманат" фильмін көру – баршаңызға аманат!

Көрсетілімнен кейін өткен баспасөз мәслихатында режиссер Сатыбалды Нарымбетовтің айтуынша, ол бұл туындыны жарыққа шығаруға өмір бойы дайындалып, соңғы 5 жылда тек осы жұмыспен айналысқан.

"Аманат" фильмін көру – баршаңызға аманат!

«Бекмахановтың отбасымен мен 1960 жылдардың соңынан бері жақсы таныспын. Осы фильмге ізденіп жүрген кезімде ғалымның жұбайы Халима апай стенограммалар жинағын табыс етті. Онда Бекмаханов айыпталар кездегі әріптес-ғалымдардың оған қарсы айтқан сөздері толық түсірілген екен. Соларды оқып, қатты налыдым», – дейді режиссер. Сондай-ақ, ол: «Осыдан кейін менің тарихқа деген көзқарасым түбірімен өзгерді. Бұрын мен тарихты жоғары оқу орындарында оқытылатын пән ретінде ғана бағалайтынмын. Бірақ «Мұстафа Шоқай» фильмінен кейін мен ойға қалдым, осы саяси қуғын-сүргін кесірінен біздің қаншама арыстарымыздың тағдыры күл-талқан болды. Содан бастап репрессияға ұшыраған зиялы қауым туралы, Алашордашылар туралы ойлана бастадым. Міне, мен осы тақырыпқа осылайша келдім», – деді. Айта кетейік, фильм Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілді.

"Аманат" фильмін көру – баршаңызға аманат!

"Аманат" фильмін көру – баршаңызға аманат!

"Аманат" фильмін көру – баршаңызға аманат!


Әзірлеген: Досжан Мейірім.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға