Жаңалықтар

"Алыс сапарға шықпаңыз": 4 облыста жол жабылды

"Алыс сапарға шықпаңыз": 4 облыста жол жабылды
Фото: © El.kz 08.01.2024 09:21 574

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты "Астана-Теміртау" автожолында автокөліктің барлық түріне қозғалысқа шектеу енгізілді. Ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, автожолдарымен жүру бағытын алдын-ала жоспарлауларыңызды сұраймыз, - делінген ҚазАвтоЖол ақпаратында.


 Ақмола облысында - 1 учаске

1. "Екатеринбург-Алматы" 1292-1353 км, Жібек жолы ААП- Қарағанды обл.шек дейін - 61 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады

 Жетісу облысында - 1 учаске

1. "Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма ст. -Достық ст. дейін – 100 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады

 Қарағанды облысында – 6 учаске

1. "Екатеринбург-Алматы" 1505-1854 км, Новостройка а. - Балқаш қ. дейін - 349 км. 

2. "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" 231-324 км, Павлодар обл.шек-Ботақара к. дейін - 93 км. 

3. "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" 17-217 км, Қарағанды қ. - Қарқаралы қ. аралығында - 200 км. 

4. "Қызылорда-Павлодар" 970-1135 км, Қарағанды қ. - Павлодар обл.шек. дейін - 165 км.

5. "Қызылорда-Павлодар" 788-906 км, Ұлытау обл.шек.-Топар к. дейін – 118 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады.

6. "Екатеринбург-Алматы" 1353-1426 км, Ақмола обл.шек-Теміртау ААП - 73 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.

 Павлодар облысында - 2 учаске

1. "Қызылорда-Павлодар" 1135-1206 км, Қарағанды обл.шек.-Шідерті кенті - 71 км.

2. "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" 137-231 км, Баянауыл а.-Қарағанды обл.шек - 94 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға