Алыс сапарға неліктен тынығып шығу керек?
Алыс жолға шығар алдында жақсылап тынығып, ұйқыны қандырып алу маңызды. Ұзақ сапарға сергек әрі демалған күйде шыққан дұрыс. Жүргізушінің ұйықтап кетуі мен шаршауы – жол-көлік оқиғаларының жасырын себептерінің бірі болмақ. «ҚазАвтоЖол» бос жолда «көзді бір сәтке жұмып алуға болады» деген ой да апатқа әкелуі мүмкін екенін алға тартады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Неліктен шаршау қауіпті?
- назардың төмендеуі және көру қабілетінің баяулауы;
- қозғалыс уақытының ұзақтығы;
- жылдамдық пен қашықтықты сезіну қабілетінің бұзылуы;
- құс ұйқыны жүргізуші байқамай, қалғып кетуі мүмкін.
Зерттеулерге сүйенсек, 17 сағат ұйықтамау ағзаға қандағы 0,05% алкогольге тең әсер етеді, ал тәулік бойы ұйықтамау – 0,1%-ға дейін, яғни шаршау адамға мас болумен бірдей деңгейде әсер етеді.
Ғалымдардың айтуынша, шаршаған адам минутына шамамен 60 рет көзін жыпылықтатады, әр жыпылықтау 70 миллисекундқа созылады. Бұл бір минут ішінде шамамен 4 секунд көздің жабық болуына тең.
Жолға сергек шығу үшін не істеу қажет?
Сапар алдында жақсылап ұйықтау.
Әр 3-4 сағат сайын үзіліс жасап, сергіп, су ішу.
Ағза ұйқыға бейім түнгі уақытта жолға шықпау.
Өз ағзаңыздың белгілеріне құлақ асу: есінеу, көpдің бұлдырауы байқалса – бірден тоқтау қажет.
Уақтылы демалған және үзіліс жасап отырған жүргізуші жолда сенімдірек болады және кез келген жағдайға жылдамырақ әрекет етеді. Егер ұйқышылдық сезілсе – оған қарсы тұрмаңыз. Көліктен шығып, таза ауада серуендеп, қысқа уақытқа көз іліп алуға тырысыңыз. Бірнеше минуттық тынығу өзіңіздің де, өзгелердің де өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Бұған дейін қалалардағы кептеліспен күрес жолдары туралы жазғанбыз. Сонымен қатар жаңбырлы күні көлік жүргізуді қиындататын 6 автокөлік функциясына тоқталдық.

