Жаңалықтар

Ғалымдар ерлер мен әйелдердегі инфарктінің айырмашылығын тапты

Ғалымдар ерлер мен әйелдердегі жүрек талмасы ауруының айырмашылығына зерттеу жүргізді.
02.02.2016 04:44 5870

Ғалымдар ерлер мен әйелдердегі жүрек талмасы ауруының айырмашылығына зерттеу жүргізді. Олар өз болжамдарын Америка кардиологиялық ассоциациясының журналына жариялады. 

Ғалымдар ерлер мен әйелдердегі инфарктінің айырмашылығын тапты

Ер адамдар мен әйелдерде кездесетін миокард инфарктысы ауруының себебі мен белгілері, сырқаттың салдары әртүрлі болады екен. АҚШ-та жүрек тамырлары ауруларынан ажал құшқандардың саны әжептәуір азайғанымен, XXI ғасырда ерлерге қарағанда нәзік жандылар жиірек өмірімен қош айтысатындығы белгілі болған. 

Ғалымдар ерлер мен әйелдердегі инфарктінің айырмашылығын тапты

Миокард инфарктысы – жүрек бұлшық етінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуынан онда өлі еттену (некроз) ошағының пайда болуы. Миокард инфарктысының пайда болуына атеросклерозбен зақымданған тәждік артерия қан тамырларының қуысының тарылуы себепші болады. Сонымен бірге зақымданған қан тамыр аймағындағы атеросклероздық процеске тромбоз (тамырдың бітеліп қалуы) қосылады да, нәтижесінде жүрек бұлшық етінің осы бөлігіне қанның келуі толығымен не ішінара тоқталады. Ал тромбының пайда болуы қанның ұю процесінің бұзылуына әкеліп соғады.

Америка кардиологиялық ассоциациясының Circulation журналына шыққан мақалада ғалымдар әйелдер қауымы ер азаматтарға қарағанда жиірек инфаркт алып, сол сырқаттың салдарынан көз жұмады деген тоқтам жасаған.

Ғалымдар ерлер мен әйелдердегі инфарктінің айырмашылығын тапты

Миокарда инфарктісінің себебі – тромбоз яғни жүрекке жол бастайтын артериялардың бітеліп қалуынан орын алады. Ғалымдардың пікірінше ерлерге қарағанда әйел адамдардың сырқатқа шалдығуының себебі сан алуан. Оны диагностика барысында анықтаған дұрыс.

Америка кардиологиялық ассоциациясының ғалымдары бірден бір айырмашылық – адамдардың жынысына байланыcты деп есептейді. Мәселен, нәзік жандыларда коронарлық артерияның тарылуынан немесе бітеліп қалуынан жүрекке тиісті қан жетпей қалады. Осы себепті әйелдерде жүрек аурулары жиірек кездеседі. Ал, ерлер негізгі артерияның бітелу салдарынан жүрек талмасына ұшырайды.

Ғалымдар ерлер мен әйелдердегі инфарктінің айырмашылығын тапты

Circulation журналында жарық көрген материалда ғалымдар әсіресе әйел азаматшалардың сырқаты жеткіліксіз дәрежеде тексерілмей, диагностика жасау барысында асығыстық танытпау керектігін жазады.   

Ер адамдар мен әйелдерде де жүрек талмасының негізі белгісі біреу ғана. Ол – адамның кеуде тұсының ауруы болып табылады. Әйелдерде  сонымен қатар тыныс жолдарының бұзылуынан тынысы тарылып, құсу әрі бел ауруы сезіледі.  

Ғалымдар ерлер мен әйелдердегі инфарктінің айырмашылығын тапты 

Ал, емдеу шараларына келер болсақ, әйелдер қауымының коронарлық артериясын қалпына келтіргеннің күннің өзінде сырқаттың салдарынан олар көбірек запа шегеді. Себебі, нәзік жандылардың қан тамырлары жіңішкелеу келеді (АҚШ-та) сол себепті олар қант диабеті немесе қан қысымының жоғарылуы секілді факторларға жиі кездеседі. Әйелдерге кардиореабилитацияны сирек тағайындайды олар тіпті көп жағдайда қалпына келтіру бағдарламасын соңына дейін жеткізе алмайды.


Әзірлеген Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

 

  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға