Бокс федерациясы

Алуа Балқыбекова қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

10.09.2025 22:16

Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық тағы бір былғары қолғап шебері жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

51 келі салмақ дәрежесіндегі боксшы қызымыз Алуа Балқыбекова ширек финалда тайпейлік И-ксуан Гуоны жеңді. Жерлесіміз алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды. Нәтижесінде айқын басымдықпен жеңіске жетті. Есеп - 5:0. 

Отандасымыздың 13 қыркүйектегі қарсыласы Қытай-Испания кездесуінде анықталады.