Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының ширек финалына шықты
09.09.2025 17:01
Фото:
ҚР ҰОК
Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Алуа Балқыбекова бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұрымды боксшымыз 51 келіге дейінгі салмақта оңтүстіккореялық Мун Каенмен қолғап түйістірді.
Алуа бірінші раундтан-ақ қарсыласын қыспаққа алды. Екінші үшминуттықта да отандасымыз басым болды. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша 5:0 есебімен жеңді.
Енді Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

