Алтынай Жорабаева күйеуінен алған қымбат сыйлықтарын көрсетіп, мақтанды
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
Әнші Алтынай Жорабаева күйеуі жылына екі рет бриллиант сыйлайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дәстүр бойынша телефон және бриллиант. Рахмет, жаным. Сүйемін, - деді видеода әнші.
Өнер иесі күйеуінің өзіне сыйлық беруі дәстүрге айналғанын атап өтті.
Менің жәннатымның дәстүріне айналған дағдысы: мені 9 тал гүлмен әуежайдан күтіп алу, туған күнге ұялы телефон сыйлау, жылына екі рет бриллиант сыйлау, қыздарға телефон, ноутбук, құлаққап, планшет сыйлау. Сонымен қатар өз анасы мен бауырларына және менің ата-анама ұялы телефон сыйлау дағдысы қанына сіңіп кеткен. Сендей жанды жолықтырған Аллаға шүкір, - деп жазды Алтынай Жорабаева.

