Жаңалықтар

Алтынай Жорабаева бесінші қызын медресеге апарып, ауызашар берді

Алтынай Жорабаева бесінші қызын медресеге апарып, ауызашар берді
Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva 28.02.2024 18:31 5084

Танымал әнші Алтынай Жорабаева жақында ғана қырқынан шыққан қызын медресеге апарып, ауызашар берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әнші дастарханды бесінші қызының мемлекеттен алған алғашқы жәрдемақысына жайғанын атап өтті.

Аминамыздың алғашқы жәрдемақысы түсіп, медресеге шағбан айында ауыз бекіткен хафиз, қари шәкірттерге ауызашар бердік, - деп жазды өнер иесі.

Алтынай Жорабаева медреседен кейін қызымен бірге Шымкентке ұшып кетті. Жорабаева қызы қырқынан шыққан соң, өз туыстарына қонақтап қайтқысы келген.

Қызымыз нағашыларына шықты. Әкесі қатты уайымдап жатыр. Жауратып алмаңдар! Әңгіме айтып отырып, біржерде қалдырып кетпеңдер" деп тапсырып жатыр. Енді олай етпейтін шығармыз. Жол болсын, – деп әзілдеді әнші.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға