Алтынай Жорабаева бесінші баласын қашан босанатынын айтты
Фото: instagram/altynaizhorabayeva
Фото: instagram/altynaizhorabayeva
28.11.2023 10:31
41797
Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, қашан босанатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол жақында бесінші сәбиіне аяғы ауыр екенін мәлімдеген еді. Өнер иесінің айтуынша, әлі күнге дейін сәбидің жынысы белгісіз.
Құдай ақы, кім екенін білмеймін. Бірінші УДЗ-да қыз дегендей болды. Екіншісінде дұрыс көрінбей жатқанын айтты. Одан кейін «қоя салшы, білмей-ақ қойдым, аман-есен, дені сау боп келсе болды» дедім. Бірақ бізде білгіштер көп қой. «Ұл сияқты» деп көп айтады, - деді Алтынай Жорабаева.
Әнші босанатын уақыты қаңтар айына келетінін мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға