©Pixabay.com

Алтын қоры бойынша әлемдегі көшбасшы елдер анықталды

Frank Media агенттігі алтын қоры бойынша әлемдегі ең ірі он елдің тізімін жасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Алтын қоры бойынша көшбасшы елдер:

Бірінші орын – АҚШ. Маусым айының басындағы мәлімет бойынша, Америкада 8,1 мың тонна алтын сақталған. Оның негізгі бөлігі – 4,6 мың тоннасы – Кентукки штатындағы Форт-Нокс қоймасында шоғырланған.

Екінші орында – Германия. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында елдің алтын қоры 3,35 мың тонна деп бағаланған. Алайда 2022 жылдан бері бұл көлем 100 тоннадан астам қысқарған. Себебі Берлин алтынды белсенді түрде сатып жатыр.

Үшінші орынды Италия иеленіп отыр – 2,45 мың тонна, төртінші орында – Франция, оның қорында 2,43 мың тонна алтын бар. Франция банкі бұл көрсеткіштің 2009 жылдан бері өзгермегенін айтады.

Бесінші орын – Қытай. Елдің алтын қоймаларында 2,43 мың тонна металл сақтаулы.

Алтыншы орынға Ресей жайғасқан. Ресейдің Орталық банкі алтын қорының нақты салмағын ресми түрде жарияламайды. Алайда реттеуші мекеменің бағалауына сүйенсек, 2025 жылғы 1 шілдеде бұл қордың ақшалай баламасы 248,71 миллион долларды құраған. Сонымен қатар Bloomberg агенттігі Ресейде 2,33 мың тонна алтын жиналғанын хабарлаған.

Үздік ондықтың қалған қатысушылары:

Швейцария – 1,04 мың тонна

Үндістан – 880 тонна

Жапония – 845,97 тонна

Түркия – 623,92 тонна.