Жаңалықтар

«Алтын орда» базары цифрландырылды

«Алтын орда» базары цифрландырылды
Фото: Сауда және интеграция министрлігі 15.01.2024 14:16 795

«Алтын орда» базарының барлық 6 кіреберісінде QR-кодтары бар автоматты шлагбаумдар мен кіру ақысын төлеу үшін павильондарда 6 POS-терминал орнатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, бұл шара 2023 жылғы желтоқсанда қолға алынған.

Бұдан бөлек «Алтын Орда» базарын цифрландыру бойынша «altynordaresmi.kz» ақпараттық веб-сайты іске қосылды, онда азаматтарға қолжетімді сауда орындарының саны, олардың алаңы, жалдау құны туралы ақпаратты, сондай-ақ жалдау (пайдалану) шартының талаптары, оны бұзу тәртібі мен негіздері туралы ақпарат қамтылған.

Базар басшылығы тарапынан кері байланыс алу үшін онлайн-шағым беру және ұсыныс енгізу мүмкіндігі енгізілді. Жоғарыда аталған шаралар базар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және бюджетке салық төлемдерінің түсімдерін ұлғайту үшін қабылданатынын атап өткен жөн,  делінген ведомство таратқан мәліметте.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың тамызында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев анықталған бұзушылықтарды жою, нарықты жаңғырту және фермерлер үшін тегін сауда орындарын ұсыну жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін базар аумағында мобильді топтың қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға