Алтын кенішіндегі апаттан 50-ден астам адам мерт болды

Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
16.02.2025 17:31
612
Малидің батысында заңсыз жұмыс істеп тұрған алтын кеніші опырылып құлап, кем дегенде 48 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға Кайес аймағының Кениба ауданында болған. Ақпаратқа сәйкес, бір топ әйел алтын іздеумен айналысатын заңсыз шахтаның үстіне экскаватор құлаған. Оқиға орнында кемінде 48 адам қаза тауып, тағы 10 шақты адам ауыр жарақатпен жергілікті ауруханаға жеткізілген.
Кейбір дереккөздер 50-ден астам адам қаза болғанын хабарлады. Дегенмен, қазір қаза болғандардың нақты санды растау қиын, себебі кейбір жарақаттардың ауырлығына байланысты олардың саны кез келген уақытта артуы мүмкін, - делінген хабарламада.
Оқиға орнында құтқару операциясы жалғасып жатыр.

Алдыңғы жаңалық
Роман Скляр жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барды
Келесі жаңалық
Алматыда бизнес субъектілерінің төлқұжаттау жүйесі енгізілді