Жаңалықтар

«Алтын-Емел» ұлттық паркінде «Құландардың мекені» атты фестиваль өтті

«Алтын-Емел» ұлттық паркінде «Құландардың мекені» атты фестиваль өтті
Фото: gov.kz 30.10.2024 21:03 486

«Алтын-Емел» ұлттық паркінде «Құландардың мекені» атты фестиваль өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара барысында қатысушылар құландардың популяциясын қалпына келтіру бағдарламасымен танысып, экскурсиялар, шеберлік сыныптары және экологиялық дәрістерге қатысты.

Фестивальға халықаралық ұйымдар мен ғылыми қауымдастықтың өкілдері, жергілікті тұрғындар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергілікті мәслихат депутаттары шақырылды.

Іс-шара барысында жаңа «Mitsubishi L200» автокөліктерінің 13 данасының кілттері ұлттық парк инспекторларына Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тургамбаевтың қолынан табысталды. Өз сөзінде ол бұл қадам «Алтын-Емел» қызметкерлерінің жұмыс жағдайларын жақсартуға және Қазақстанның жабайы табиғатын қорғауға маңызды үлес қосатынын атап өтті.

Фестиваль табиғатты қорғаудың маңыздылығын айқындап, экологиялық сауаттылықты арттыруға ықпал етті. Мұндай іс-шаралар елдің табиғи байлығын сақтау және экожүйенің болашағына жауапкершілік қалыптастыру үшін күш біріктіреді.

Құландар «Алтын-Емел» ұлттық паркінің экожүйесінде маңызды рөл атқарады, табиғи тепе-теңдікті сақтауға және биологиялық әртүрліліктің артуына ықпал етеді. 1982 жылы Барсакелмес қорығынан реинтродукцияланған 32 құланнан бастап, парктегі популяция 3500-ден астам басқа жетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға