Алтын-Емел ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды
26.02.2025 01:30
Фото:
Видеодан кадр
Алтын-Емел ұлттық паркінде қар барысы тіркелді. Оның кадрлары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің желі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында “Алтын-Емел” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері суаттарда фототұзақтар орнатқан. Нәтижесінде Қазақстан Қызыл кітабына енген қар барысының (Panthera uncia) бірегей кадрларын алуға мүмкіндік туған.
Қар барысының болуы жабайы табиғатты сақтауға қолайлы жағдайлардың бар екенін және парктің жүргізіп жатқан табиғатты қорғау шараларының тиімділігін растайды. Бақылау жұмыстары қоршаған ортаны қорғауға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жалғасуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

