«Астон Вилла» мен Аргентина құрамасының қақпашысы Эмилиано Мартинес «Алтын доп» кімге берілуі керектігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, бұл сыйлық командалас әріптесі Лионель Месси алады.
«Алтын допты» кім алатынын бәрі онсыз да біледі. Ол досым Месси, - деді Мартинес BBC Sport-қа берген сұхбатында
Естеріңізге сала кетейік, Месси Аргентина құрамасымен бірге 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, мундиальдің үздік футболшысы атанды.
Биылғы жаздан бері Месси «Интер Майами» сапында ойнайды. АҚШ клубының сапында 11 матчта 11 гол соқты.
«Алтын допты» марапаттау рәсімі 30 қазанда өтеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

