Жаңалықтар

Алты жасар әлем чемпионын президент құттықтады

Алты жасар әлем чемпионын президент құттықтады
Фото: Видеодан кадр 05.12.2024 17:40 659

Алты жасында джи-джитсудан әлем чемпионы атанған Хадия Қонаеваға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтау хаты табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің сыйлығын Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов табыс етті. Әкім бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Бүгін зор қуанышпен джиу-джитсудан әлем чемпионы атанған 6 жасар Хадия Кунаевамен кездесіп, мемлекет басшысының атынан құттықтау хаты мен сыйлық табыстап, жеңісімен құттықтадым.

Жерлесіміз Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен әлем біріншілігінде 11:0 есебімен таза жеңіске жетіп, әлемге Қазақстанның өскелең ұрпағының рухы мен талантын көрсете білді.

Жастайынан осындай жоғары жетістіктерге жету - бұл табанды еңбектің нәтижесі. Жас спортшыны өзінің әкесі, жаттықтырушы, спортшы, «Sam Team» клубының негізін қалаушы Самат Кунаев жаттықтырады. Бір қызығы, әкесінің спортпен шұғылдануына омыртқа ауруы себеп болған және табанды жаттығулардың арқасында денсаулығын қалпына келтірген. Әкенің үлгісі балаларын шабыттандырып, бүгінде олардың барлығы спорт шеберлері.

Жеті баласының алтауы жекпе-жекпен айналысатын отбасы - спорттық тәрбиенің, тәртіптің және отбасылық құндылықтардың үлгісі. Хадияның алтын медалі - бұл сіздің отбасыңыздың ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышы, - деп жазды Байханов.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Байханов Асаин (@asaiyn.baikhan)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға