El.kz

Алты қалада ауа сапасы нашарлайды

06.06.2023 01:43

6 маусымда еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжам жасады.

6 маусымда Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында, түнде Астана және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.