Алтайда екі қабатты цехтың шатыры жанып жатыр
17.03.2024 15:00
Фото:
Видеодан кадр
Алтай қаласында тау-кен байыту кешенінің бөлек тұрған 2 қабатты цех аумағында концентраттарды қоюлау және сүзу учаскесінде шатыр жанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері келіп жетті. Қзыыл жалынды сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамының 18 адамы мен 5 техникасы, сондай-ақ кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Өрт оқшауланды, алдын-ала болжам бойынша өрттің аумағы 260 шаршы метрді құрайды.
Соңғы келіп жеткен мәліметке сүйенсек, қызыл жалын сағат 15.48-ге жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Оқи отырыңыз:
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

