Жаңалықтар

Алтай Көлгінов тығыз салынған биік үйлердің құрылысы туралы пікір айтты

Алтай Көлгінов тығыз салынған биік үйлердің құрылысы туралы пікір айтты
29.06.2022 17:41 2488

Алтай Көлгінов қаланың тым тығыз салынуы мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Елорда әкімі BaigeNews.kz сайтының 2022 жобасының тікелей эфирінде үш жылда 8 миллион шаршы метрден астам құрылыс салынғанын атап өтті.

Құрылыс қарқыны артып келеді. 2019 жылы 1 700 000 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға бердік. 2020 үш миллион шаршы метр тұрғын үй, былтыр  үш миллион 200 мың метр тұрғын үй берілді. Үш жылда шамамен 8 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Әрине, бұл қарқын өте үлкен және құрылыс индустриясы дамып келеді. Бір жағынан бұл жақсы. Бірақ қазір тәжірибеде қандай сұрақтар туындайды? Осы полицентристік принципті ескере отырып, біз бас жоспарға түзетулер енгізіп, жаңа даму аймағындағы әрбір жаңа шағын ауданның өз мектебі, өз балабақшасы, емханасы, қоғамдық орындары болуы керек деп есептейміз. Сондықтан біз жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) осы талаптарды ескере отырып түзетіп жатырмыз және әрине, тұрғындардың тілектерін ескереміз, - деді қала әкімі.

Әкімнің сөзінше, нысан салынар кезде құрылысшылар мен тұрғындардың мүдделері ескеріледі.

Бұл жерде тепе-теңдікті сақтау өте маңызды - мұнда біз тұрғындардың, ал екінші жағынан құрылысшылардың, кәсіпкерлердің мүдделерін қорғауымыз керек. Бірақ тұрғындардың пікірі мен құрылыстың тығыздығын ескере отырып, біз 10 учаскедегі бастапқыда жоспарланған МЖК-ны жойдық. Оның есесіне мектеп, балабақша, сквер, қоғамдық орындар мен басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысын жобалық-сметалық құжаттаманы реттедік. Қабат саны қысқарған нысандар да бар. Біздің міндетіміз – құрылыс кезінде кәсіпкерлердің азаматтардың мүдделеріне нұқсан келтірмеуін қамтамасыз ету, - деп түсіндірді Нұр-Сұлтан әкімі. 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға