Жаңалықтар

Алтай Көлгінов елорда тұрғындары мен қонақтарын астана күнімен құттықтады

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады
Алтай Көлгінов елорда тұрғындары мен қонақтарын астана күнімен құттықтады
Фото: Александр Куприенко 06.07.2022 13:23 1673

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елорда тұрғындары мен қонақтарын астана күнімен құттықтады, — деп хабарлайды El.kz порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

— Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді астана күнімен құттықтаймын! Елордамыздың дамуы қаланың әрбір тұрғынына байланысты, әрқайсысыңыз осы ортақ іске өз үлесіңізді қоса аласыз, — деді елорда әкімі.

Алтай Көлгінов бас қаламыз әлі де жайлы, ыңғайлы бола түсуі үшін бірқатар жүйелі проблемалардың шешімін табу жолында жұмыс жүріп жатқандығын айтты. Ол инженерлік және жол инфрақұрылымын жүргізу, әлеуметтік және спорттық нысандар салу, елді мекендерді дамыту, аудандарды абаттандыру жұмыстарының жүргізіп жатқанын атап өтті.

Шілде айы басталғалы бері қаламызда концерттен бастап спорт фестиваліне дейінгі ондаған жоспарлы іс-шаралар өтіп жатыр.

— Елорда күнінде сонымен қатар әлеуметтік мәселелерге ерекше көңіл бөлініп, тұрғын үй кезегін күткендерге, жұмыс істейтін жастарға, үлескерлерге пәтер кілті табысталып жатыр. Сол сияқты бірқатар әлеуметтік нысандардың, 100-ден астам аула мен қоғамдық кеңістіктің (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) құрылысы аяқталуға жақын, индустриялық паркте екі зауыт іске қосылса, күрделі жөндеуден кейін «Алаш» көпірі ашылды, — деді Алтай Көлгінов.

Елорда әкімі қала тұрғындары мен қонақтарын атаулы мерекемен шын жүректен құттықтап,толағай табыстар тіледі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға