Жаңалықтар

Алтай Көлгінов: Алғыс айту – достық пен өзара түсіністікті қалыптастырған аға ұрпаққа құрмет

Алтай Көлгінов: Алғыс айту – достық пен өзара түсіністікті қалыптастырған аға ұрпаққа құрмет
05.03.2019 09:37 3323

Алғыс айту күніне орай Батыс-Қазақстан облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, ақсақалдар мен қала тұрғындары, студент жастарының қатысуымен «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткіші жанында жиын өткізіліп, гүл шоқтары қойылды.

«Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Бұл ерекше
күн. Себебі 1-наурыз Елбасымыздың шешімімен Ассамблея күні және Алғыс айту күні болып жарияланды. Бұл елімізде тұрып жатқан барлық этностардың ынтымағы, бірлігі мен достығының нағыз символына айналған бірегей институт. Алғыс айту күні – қиын-қыстау заманды бірге өткерген және ең қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды бірге құрған азаматтардың бір-біріне деген өзара құрметінің, мейірімділігінің, достығының мерекесі. Бұл ортақ тарихымызға, жылдар бойы елімізде достық пен өзара түсіністікті қалыптастырған аға ұрпаққа, біздің әкелеріміз бен аталарымызға деген құрмет. Сондықтан ортақ мереке құтты болсын!,-деді салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ, мерекелік шараға жиналғандарды «Хаймат» неміс, «Вайнах» шешен-ингуш, корей этномәдени бірлестіктерінің төрағалары құттықтады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР: 

 

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИАЦИЯНЫҢ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТӘЖІРИБЕСІ ЗЕРТТЕЛУДЕ

БҚО ҚХА «МЕЙІРІМДІ КӨКТЕМ» АКЦИЯСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ НАУРЫЗДЫ ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕРМЕН ҚАРСЫ АЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІ КОМПАНИЯ МЕН ҮЙ ТҰРҒЫНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ДАУ СОТҚА ДЕЙІН МЕДИАТИВТІ ЖОЛМЕН ШЕШІЛДІ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға