Жаңалықтар

Алтай Әбибуллаев Черногория Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті
Алтай Әбибуллаев Черногория Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Фото: ҚР СІМ 17.12.2022 16:20 963

Қазақстанның Черногориядағы Елшісі ретінде Алтай Әбибуллаев Черногория Президенті Мило Джукановичке сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Президент сарайында өткен салтанатты шарада Қазақстан-Черногория қарым-қатынастарының казіргі ахуалы мен болашағы, сондай-ақ өзара ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтерудің нақты көздері егжей-тегжей талқыланды.

Ұлттық төл мерекемізбен сай келген дипломатиялық рәсім барысында М.Джуканович барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен шынайы құттықтап, елімізге бейбітшілік, одан әрі гүлдену мен өркендеу тіледі. Черногория басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қайта сайлануымен тағы да құттықтап, Қазақстанға жаңа белестер мен табыстар тіледі.

Сонымен қатар, ол Қазақстан Президенті бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси және кешенді әлеуметтік-экономикалық реформаларға жоғары баға беріп, Қазақстан Черногорияның Eуразиялық кеңістігіндегі басты саяси және сауда-экономикалық әріптесі екенін басып айтты.

Президенттің пайымдауынша, Черногориядағы жыл сайын Қазақстан азаматтарының демалысы, жерлестерімізге қолайлы жағдай туғызып, қауіпсіздіктерін одан әрі қамтамасыз ету қағидатты басымдық болып қала бермек. Подгорица 2023-2024 жылдары Қазақстан азаматтарына маусымды визасыз режимі мен тікелей рейстерді сақтау үшін барынша мүдделі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға