Жаңалықтар

Алтай Абибуллаев: Қазақстанның барлық жетістіктері Елбасының атымен тікелей байланысты

Алтай Абибуллаев: Қазақстанның барлық жетістіктері Елбасының атымен тікелей байланысты
29.11.2019 10:25 2499
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне және Халықаралық толеранттылық күніне орай «Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі» атты халықаралық конференция өтті.

Алтай Абибуллаев: Қазақстанның барлық жетістіктері Елбасының атымен тікелей байланысты

Н.Назарбаев орталығы Басқарма Төрағасы Конференция жұмысын ашу барысында: «Қазақстан мемлекетінің барлық жетістіктері Елбасының атымен тікелей байланысты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жас мемлекет Тәуелсіздігінің бастапқы кезеңінде таңдалып алынған диалог пен келісім, бейбітшілік пен толеранттылық саясатының бағдары жаһандық өркениетаралық және дінаралық диалогтың берік әрі тиімді тұғырнамасына айналды», – деп атап өтті.

Алтай Абибуллаев: Қазақстанның барлық жетістіктері Елбасының атымен тікелей байланысты

Іс-шараның шетелдік қатысушылары өз сөздерінде «Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі» атты конференцияны өткізу идеясын жоғары бағалап, Елбасының бірегей моделін әрі қарай дамытуға өз үлесін қосу арқылы жаһандық халықаралық қауымдастықта Н.Назарбаевтың авторлық моделін одан әрі алға жылжытуға жаңа серпін береді деп атап өтті.

Конференция барысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев ҚР Тұңғыш Президенті қазіргі заманның әйгілі, беделді басшыларының қатарына кіретіндігін айтты. «Елбасы бірегей саяси басшы дарындылығы мен дипломатиялық талантын көрсете отырып, Шығыспен де Батыспен де тең негізде ортақ тіл табыса алды. Әлемдік қауымдастық Елбасының жергілікті, аймақтық және жаһандық деңгейде барлық жағдайды нақты әрі тура көре білетін батыл көшбасшы ретінде таниды», – деді Е.Ашықбаев.

Алтай Абибуллаев: Қазақстанның барлық жетістіктері Елбасының атымен тікелей байланысты

Конференция қатысушылары Қазақстанның әлемге дәстүрлі діндердің этикалық құндылықтары мен адамгершілік қағидаттарының маңыздылығын, олардың бейбітшілік пен гуманитарлық әлеуетін көрсете білгендігі жөнінде ортақ пікірге келді.

Исламабад халықаралық ислам университеті Ислам зерттеу институтының бас директоры Мұхаммед Зия Уль-Хак Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесін ерекше атап өтіп, қоғамды дерадикализациялау және дінаралық диалогты дамыту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына ерекше назар аударды.   

Ватикан Елшісі, архиепископ Фрэнсис Ассизи Чулликатт ұлттар мен халықтар арасында өзаратүсіністік пен ынтымақтастықты ілгерілету жөнінде хабарлама жасады. Оның ойынша, «диалог секулярлық ұстанымдар тарапынан әрдайым жапа шегуші діни сананың негізгі қағидаттарын құрмететуі тиіс. Бұл шеңберде Н.Назарбаев орталығы тарапынан жүзеге асырылатын ҚР Тұңғыш Президентінің бейбітшілік пен толеранттылық моделі бұл бағытта аса зор үлес қосар еді».

Орыс Православие Шіркеуі Мәскеу Патриархатының Сыртқы шіркеу байланыс бөлімінің дінаралық байланыс Хатшысы, дін қызметшісі Димитрий Сафонов «Біз Н.Назарбаевтың дінаралық диалогты дамытуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалаймыз. Біз үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінен асатын дінаралық диалогты ілгерілетуге ықпал ететін өзге алаңдар жоқ» – деді Димитрий Сафонов.

Бұған қоса, конференцияның жоғары қонағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің қорытынды және тұжырымды құжаттары тарихи маңыздылыққа ие және жоғарғы оқу орындарының академиялық курстарына енгізілуі қажет деген ниет білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға