Жаңалықтар

Алқабилердің суретін таратқан БАҚ басшылығы жауапқа тартылады - Жоғарғы сот

Алқабилердің суретін таратқан БАҚ басшылығы жауапқа тартылады - Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот 10.04.2024 13:17 829

ҚР Жоғарғы Сотының ресми өкілі Ерлан Ахмеджанов Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер бейнелерінің БАҚ-та таратылуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жоғарғы Сот бұқаралық ақпарат құралдарында Бишімбаев пен Байжановтың ісі бойынша алқабилер бейнелерінің жариялануына байланысты келесіні хабарлайды. Процесс барысында іс бойынша төрағалық етуші алқабилер алқасының фото және бейнежазбаға түсуіне, сондай-ақ олардың бейнелерін таратуға тыйым салу туралы бірнеше рет ескертті. Тыйым алқабилерге қысым көрсету мүмкіндігін болдырмас үшін белгіленген, - деді ҚР Жоғарғы Сотының ресми өкілі Ерлан Ахмеджанов.

Бұл тыйымды бұзу сотқа қысым көрсету әрекеті ретінде танылады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының сотқа ықпал етуi белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. “БАҚ туралы” Заңға сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесі, таратушысы, бас редакторы, сондай-ақ таратылған материалдардың авторлары жазаға тартылады. Осыған байланысты сот кінәлі адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту рәсімін бастады. Іс бойынша төрағалық етуші жарияланған материалдарды алып тастауды міндеттеді, сонымен қатар оларды таратуға тыйым салды, - деді ҚР Жоғарғы Сотының ресми өкілі Ерлан Ахмеджанов.

Мұндай фактілерді болдырмау мақсатында БАҚ өкілдері сот отырысы залынан шығарылды.

Азаматтарды сот төрелігін жүзеге асыру процесіне әсер ететін кез келген әрекеттерден аулақ болуға шақырамыз. Сотқа қысым көрсетудің кез келген әрекетінің жолы кесілетін болады, - деді ҚР Жоғарғы Сотының ресми өкілі Ерлан Ахмеджанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға