Istock

Альпідегі мұздықтардың еруі шекараны қайта сызуға алып келді

Колумбия университетінің ғалымдары Альпі тауларындағы мұздықтардың еруі Швейцария мен Италия арасындағы шекара сызығының өзгеруіне әсер еткенін анықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ғалымдардың мәліметінше, өзгеріс әйгілі Маттерхорн шыңындағы мұздықтармен байланысты. Көп жылдар бойы олар екі ел арасындағы табиғи шекара қызметін атқарып келген. Алайда соңғы онжылдықтарда жаһандық жылынудың салдарынан мұз массасы Италия жағына қарай жылжыған.

Бұл жағдай шекара сызығында нақтылықты жоғалтуға әкелген соң, екі мемлекет шекараны ресми түрде корректировкалау туралы келісімге келген.

Зерттеушілердің айтуынша, қазіргі таңда жергілікті тұрғындарды шекара мәселесі емес, мәңгі тоңның еруі мен қар қабатының азаюы көбірек алаңдатады. Мұндай өзгерістер аймақта жер көшкіні мен оползеньдердің жиілеуіне себеп болып отыр.

Айта кетсек, бұл — Альпі елдері шекарасын табиғи өзгерістерге байланысты түзетуге мәжбүр болған алғашқы жағдай емес.
2006 жылы Италия мен Австрия да осындай келісім жасап, қар мен мұздықтардың қозғалысын ескере отырып, жылжымалы шекара жүйесін енгізген болатын.