Жаңалықтар

Алматының жаңа бас жоспары бекітілді

Алматының жаңа бас жоспары бекітілді
Фото: Pixabay.com 21.04.2023 12:44 1409

Мәслихат депутаттары 2040 жылға арналған Алматының жаңа бас жоспарын бекітті. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып El.kz хабарлайды.

Шаһар басшысы Ерболат Досаевтың сөзінше, қаланың бас жоспары үлкен қоғамдық талқылаудан өтті, оның барысында мегаполис тұрғындарынан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығынан 1300-ден астам ұсыныс түсті, олар негізінен жайлы қалалық ортаны қалыптастыру, экологияны жақсарту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болды. Сонымен қоса мәслихат комиссияларының отырыстарында осы жобада ескерілген 20-ға жуық ұсыныс қаралды.

Өздеріңіз білетіндей, қаланың бас жоспары 20 жыл бұрын әзірленген және моноорталықтық даму моделіне негізделген, яғни жұмыс орындары мен әлеуметтік-мәдени қызметтер қаланың тарихи орталығына тығыз шоғырланған. Содан бері қала аумағы жағынан да, халық саны бойынша да 2 есе ұлғайды. Жаңа Бас жоспарда тұрғын үй, әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымы дамыған 5 жаңа полиорталық құрылатын полиорталықтық даму моделіне көшу көзделеді. Бұл осы полиорталықтардың тұрғындары үшін барлық қажетті игіліктердің жақын орналасуына мүмкіндік береді. Жаңа бас жоспар жайлы қалалық орта құру және қаламыздың барлық аудандарында өмір сүру сапасын жақсарту үшін берік негіз қалайтынына сенімдімін, - деді Ерболат Досаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға