Видеодан кадр

Алматының тау бөктерінде өрт шықты

Алматы қаласының Медеу ауданында  Төле би көшесі мен ШААД бұрышындағы тау бөктерінде құрғақ шөп өртенді. Өрттің аумағы шамамен 3000 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Төтеншеліктер оқиға орнына 8 минутта жетті. Жағдайды бақылау үшін дрон қолданылған. Қызыл жалынды сөндіруге 43 қызметкер және 9 техника жұмылдырылды.

Желдің екпіні өрттің тұрғын үйлерге таралу қаупін тудырды, бірақ ТЖМ құтқарушыларының жедел әрекеттерінің арқасында оған жол берілмеді. Өрт толығымен сөндірілді,-делінген министрлік мәліметінде.