Жаңалықтар

Алматының орталық ауруханасында бес науқас АИТВ жұқтырған

Алматының орталық ауруханасында бес науқас АИТВ жұқтырған
Фото: facebook.com/jenisatr64 14.06.2023 15:26 709

Алматыдағы орталық клиникалық ауруханада бес науқас АИТВ жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әзірге науқастардың бұл ауруды қалай жұқтарғаны белгісіз. Денсаулық сақтау министрлігі №12 ауруханада тексеріс жүргізіп жатқаны ғана айтылды. Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник мәселенің мән-жайы содан кейін ғана айтылатынын жеткізді.

Бір қызығы, қазір бұл орталықты ковид кезінде Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасын басқарған Нариман Табынбаев басқарады. Қызық дейтінімз, 2013 жылы Нариман Табынбаев Қызылордадағы облыстық медициналық орталықта бас дәрігер қызметін атқара жүріп, әлеуметтік желіде медорталық ұжымының мемлекеттік бюджетті ысырап еткені айтылған видео тарады. Бірақ Табынбаев одан кейін де бірқатар мекемеде басшылық қызмет атқырып үлгерді, - дейді тілші Серікжан Мәулетбай.

Тілшінің сөзінше, Таныбаевтың атына Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасына жауапты болған кезде де түрлі айыптар тағылған. Дегенмен оның ешқайсысы дәлелденбеген.

Бұл ауруханада қала әкімі Ерболат Досаевқа тікелей қарайды. Ал Ерболат Досаевтың денсаулық сақтау министрі болып қызмет атқарған жылдары Шымкентте 50 шақты баланың АИТВ жұқтырғаны қоғамды дүрсілкіндергені естеріңізде болар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға