Екі көлік те Рысқұлов даңғылының бойымен батыс бағытта жүріп келе жатқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Volkswagen көлігінің жүргізушісі маневр жасау барысында Toyota көлігімен соқтығысқан. Ол көпірдің тірегіне соғылып, жолдан шығып кетіп, аударылған.
Toyota көлігінде жүргізуші мен бес жолаушы болғандығы анықталды. Олар медициналық тексеруден өту үшін қалалық ауруханаларға жеткізілді.
Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Атыраулық дәрігерлер алғаш рет жүрекке күрделі ота жасады