Жаңалықтар

Алматының әкімдері мен Назарбаевтың адамдарының кесірінен 70% алма бағынан айырылдық – депутат

Алматының әкімдері мен Назарбаевтың адамдарының кесірінен 70% алма бағынан айырылдық – депутат
Фото: t.me/mazhilis_kz 19.06.2023 13:08 4551

Депутат Бақытжан Базарбек жерге қатысты мәселені көтеріп, Алматы қаласының 3 гектар жері қырқылып жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы қаласының Горный Гигант деген жерінде қазір 3 гектар алма бағы кесіліп жатыр. Өкінішке қарай, 15 жылда Храпунов, Тасмағамбетов, Есімов, Сағынтаев және Байбектің заңсыз қаулыларының нәтижесінде біз 70 пайыз алма бағынан айырылдық. Инспекторлар тексеріс жүргізгенде сол ескі Назарбаевтың жүйесінде оның әулеті мен олигархтар инспекторға қысым жасады. Қазір сол алма бақты қайтара алмай жатырмыз. Осы уақытқа дейін қанша алмақ бақ мемлекет меншігіне қайтарылды? – деді депутат.

Депутат сөзінше, «Жер аманаты» комиссиясының нәтижесінде бір Сағынтаевтің заңсыз қаулысын бұзған. Бірақ мұндай мыңдаған қаулы осы уақытқа дейін қабылданып келген.

Аталған сұраққа ауыл шаруашылығы министрі өткен жылы 5,2 миллион жер қайтарылғанын айтты. Оның ішінде қанша жер алма бағы екенін нақты айта алмайтынын және жазбаша түрде жауап беретінін алға тартты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға