Алматылықтарға бір күн кір және ыдыс жуғыш машинаны қолданбау ұсынылды
Алматыда 29 шілдеде су құбырының жаңа нысандарын пайдалануға беру және су құбырының технологиялық жабдықтарын ауыстыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
29 шілдеде сағат 00:00-ден 24:00-ге дейін Медеу ауданында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға су беру тоқтатылады:
- Медеу ауданының әл-Фараби даңғылының оңтүстігіндегі аумағы;
- әл-Фараби – Жарбұлақ өзені – Орманов көшесі – ВОАД; әл-Фараби-Назарбаев-Сәтбаев-Луганский көшелерінің контурында;
соның ішінде:
- Горный Гигант, Тау Самал (Каменское үстірті), Юбилейный, Көктөбе 1,2 шағын аудандары;
- Ахмедияров, Бағланова, Байжанов, Бас батыр, Бигелдинов, Диваев, Домбыра, Достық (әл-Фараби даңғылының оңтүстігі), Горная, Елібеков, Жамақаев, Жәнібеков, Қажымұқан көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар. Жәнібек хандар, Қыз Жібек, Жуков, Искадеров, Қамар сұлу, Құрмет, Ладушкина, Луганский, Максимова, Манаев, Маңғыстауская, Назарбаев (әл-Фараби даңғылының оңтүстігі), Найманбаев, Нұрмағамбетов, Омарова, Оңдасынов, Оспанов, Радлов, Рубенштейн, Сахариев, Тайманов, Тәттімбет, Топорков, Трофимов, Хмелев, Чайкина, Чимбулакская, Шашкина.
- «VIP Alem», «Люксор», «Алмалы» коттедждік қалашықтары;
- «Достық Резидентс», «Европолис», «Көкше», «Чешкие терассы» тұрғын үй кешендері;
Су қысымының төмендеуі «Самал-1», «Самал-2», «Самал-3» шағын аудандарының желілерінде, сонымен бірге Армянская, Береговая, Инженерная, Ньютон, Фонвизина көшелерінде, «Falkon City» тұрғын үй кешенінде.
Қалалық секторларда суық сумен жабдықтауға уақытша шектеу қою Медеу өңірінің сумен жабдықтау жүйесін дамыту шеңберінде жүргізілетін жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.
Бұл жұмыстар жүргізілген соң, судың сапасын уақытша өзгеруі мүмкін, су құбырлары толығымен жуылғанға дейін сантехникалық құрылғыларды (кір жуғыш машиналар/ыдыс жуғыштар және басқа құрылғылар) пайдаланудан уақытша бас тартыңыз.