Алматылықтар үшін тауық етінің бағасы тұрақты болады
06.11.2024 01:35
Фото:
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру мақсатында «Алматы» ӘКК» АҚ «Алатау-құс» АҚ құс фабрикасымен қарыз шартын жасасты. Келісім аясында қалада өндірушінің тауық еті (сан еті мен жамбас) бағасы бекітілетін болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Алатау-құс» АҚ фирмалық дүкендерінің сөрелеріндегі және Алматыдағы үйдің жанындағы дүкендердегі өнімнің бағасы бір килограмм үшін 1 100 теңгеден аспайды.
Келісілген шарттасу бойынша жалпы көлем 1818 тоннаны құрайды. Тұрақтандыру кезеңі 24 ай.
Алматы әкімдігінің мәліметінш, өнімдерді сату нүктелерінің мекенжайларын almatyazyk.kz сайтынан білуге болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

