Алматылық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді

24.09.2023 11:11

24 қыркүйекте "СОМЭ" сейсмикалық станциялар желісінің мамандары Алматыдан 357 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жер асты дүмпулері 2023 жылы 24 қыркүйекте Алматы уақытымен сағат 07:15-те тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 357 шақырымда Қытай территроиясында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.7.

MPV магнитудасы - 4.2.

Тереңдігі - 15 км.

Сезілуі туралы ақпарат тіркелмеген.

Сондай-ақ, Жапонияның бас метеорологиялық басқармасы Жапонияның оңтүстік қиырындағы Окинава префектурасының Мияко аралының батысында магнитудасы 6,4 болатын жер сілкінісін тіркеген.