Алматылық құтқарушылар су басқан Қостанай өңіріне көмекке аттанды
08.04.2024 23:16
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының құтқарушылары су басқан Қостанай облысына көмекке жіберілді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлердегі су тасқыны жағдайына байланысты 56 қызметкерден құралған Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарының жедел тобы авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін Ұлттық ұланның авиабортымен ұшып кетті.
Авиабортқа су сору құралдарын, қажетті авариялық-құтқару жабдықтарын, арнайы су өткізбейтін костюмдерді, байланыс құралдары мен жүзу құралдарын тиеу жұмыстары жүзеге асырылды.

