Жаңалықтар

Алматылық оқушылар арасында 18 890 патология дерегі анықталды

Алматылық оқушылар арасында 18 890 патология дерегі анықталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 04.03.2024 04:38 602

Алматы қаласы бойынша 2023 жылғы жүргізілген мониторинг негізінде тереңдетілген профилактикалық тексерулердің нәтижелері бойынша  18 890 оқушыда патология анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, медициналық тексеруден 159354 оқушы өтуі тиіс болған. Оның ішінде  101805  оқушы қаралып, 63,8% құрады (2022 жылы - 91,4% құраған).

Қаралған оқушылардың ішінде 18 890 оқушыда патология анықталса, ал 2022 жылы 26 892 оқушыда тіркелген еді. Бұл 19,6% құраған.  Медициналық тексерудің нәтижелері бойынша 1261 оқушыда  ең көп анықталған аурулардың бірі  - сколиоз ауруы анықталып отыр. Бұл  6,5% құрады (2022 жылы  - 2440 оқушыда анықталған, бұл - 1,7% құраған).

Осы мәліметке сүйене отырып, мектеп жасындағы балаларда сколиоз ауруының көптеп кездесуіне бірнеше себеп бар. Балалар ересектерге қарағанда партада және үстел басында көбірек уақыт өткізеді: бірнеше сағат сабақта, содан кейін сабақтан тыс жұмыстарда, сондай-ақ үй тапсырмасын орындау кезінде ұзақ уақыт отырады. Ұзақ уақыт бойы қимылсыз күйде отыру жалпы денсаулыққа, омыртқаның бұлшық еттері мен сүйектерінің дұрыс дамуына зиян келтіреді, соның салдарынан арқа бүгіліп, дене қалпы бұзылады, деді Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға