Жаңалықтар

Алматылық дәрігерлер роботтың көмегімен тізеге ота жасады

Алматылық дәрігерлер роботтың көмегімен тізеге ота жасады
Фото: iStock 05.11.2024 13:51 381

Алматылық дәрігерлер роботтың көмегімен тізеге ота жасады,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.

"Страйкер Мако" деп аталатын жасанды интеллект дәрігердің көмекшісі қызметін атқарады. Яғни, науқастың нақты қай жеріне қалай ота жасау керектігін анықтайды.

Ақ халаттылардың айтуынша, робот операцияның дұрыс өтуіне көмектесіп, протезді қояды. Бүгінде ерекше құрылғының көмегімен 15-тен аса науқасқа ота жасалыпты.

Біздің жасап жатқан ота да ол бізге көмектеседі. Қол жетпейтін дәлдікпен біз сол протезді қоямыз. Соған байланысты жақсы нәтиже аламыз, науқастар өзінің бұрынғы өміріне тез қайтып оралады. Бізде бұрыннан Қазақстанда тек толықтай буын ауыстыру отасы жасалатын еді. Қазірден бастап, робот келгелі бері бізде толықтай буынның бір бөлшегі ғана зақымдалса, біз оның тек бөлшегін ауыстыруға мүмкіндік бар, – деді травматолог-ортопед дәрігер Қайрат Оразалиев.

Жасанды интеллектінің көмегімен жасалатын отаға алыс-жақын шет елдерден келген науқастар да бар екен. Өйткені, Қазақстандағы операция құны өзге мемлекеттерден әлдеқайда арзанырақ.

Мен жастайымнан спортпен шұғылданып келемін. 4 жыл бұрын велосипедтен құлап, аяғымды қатты ауыртып алдым. Бастапқыда мән бермедім, ал, ауру асқына берді. Англиядағы дәрігерлерге бардым, қызметі ұнамады. Сенбедім. Ұлым Қазақстанда жұмыс істейді. Ол мені осында келіп емделуге шақырды. Содан бірден келіп дәрігерлердің қабылдауында болдым. Ота сәтті өтті, өзімді керемет сезінемін. Дәрігерлерге рақмет, – деді Ұлыбритания азаматы Ольга Ласт.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға