Алматылық дәрігерлер OLIF әдістемесі бойынша алғашқы операция жасады
Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында алғаш рет OLIF (Oblique Lumbar Interbody Fusion) әдістемесі бойынша алғашқы операциялар орындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ДСМ мәліметінше, бұл инновациялық ең аз инвазивті тәсіл омыртқа ауруларын емдеуде жаңа мүмкіндіктер ашты.
OLIF немесе «қиғаш бел денеаралық фиксация» омыртқааралық дискілерді қалпына келтіру және мынадай патологияларда омыртқаны тұрақтандыру үшін қолданылады: омыртқаның дегенеративті өзгерістері, омыртқааралық дискілердңң жарықтары, спондилолистез, сколиоз және кифоз, - делінген мәліметте.
Араласудың жарақаттануын едәуір төмендетуге, қалпына келтіру процесін жеделдетуге және оңалту кезеңін азайтуға мүмкіндік береді.
Операцияларды Қазақстанның жетекші нейрохирургтары: Талғат Керімбаев, Ұлттық нейрохирургия ғылыми орталығының (ҰНҒО) жұлын нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас жұлын нейрохирургы және Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Алматов жүргізді.
OLIF бұлшықеттер мен байламдарды сақтай отырып, кішкене кесу арқылы операция жасауға мүмкіндік береді. Бұл қан жоғалтуды айтарлықтай азайтады, асқыну қаупін төмендетеді және пациенттің келесі күні белсенді болуына мүмкіндік береді. Мысалы, біз мастер-кластың шеңберінде біз L4-L5 деңгейінде бел тұрақсыздығы бар пациенттерде омыртқааралық дискіні ауыстыру операцияларын жасадық. Орнатылған имплантаттар омыртқаны тұрақтандырып қана қоймайды, сонымен қатар физиологиялық тұрғыдан дұрыс орналасуды қамтамасыз етеді.
Мұндай әдістер пациенттерге үйреншікті өмірге тезірек оралуға көмектеседі, - деп атап өтті Талғат Керімбаев.
Сонымен қатар хирургиялық микроскоп пен арнайы жабдықты қолдана отырып, жұлын ісіктерін жою үшін үш операция жасалды.
Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасы жоғары технологиялық медициналық көмектің бағыттарын дамытуды жалғастырып, оны Алматының және Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары үшін қолжетімді етеді.