Жаңалықтар

Алматылық әйел көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қайтыс болды

Алматылық әйел көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қайтыс болды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 26.06.2024 11:49 641

Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен әйел құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде әйелдің тұрғын үйдің терезесіне шығып тұрғаны түсірілген бейнежазба таралды. Қалалық полиция департаменті оқиғаның «Теремки» тұрғын үй кешенінде болғанын растады.

Өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Себеп-салдары мен мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметінен.

Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы әйелдің жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болғанын мәлім етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға