Алматылық студенттің өнертабысы Кореяда жеңімпаз атанды
Қазақстандық студент бизнес-идеялар байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды EL.KZ «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Артур Шин бизнес-идеялар байқауында жеңімпаз атанды. Сайысқа 70-ке жуық адамның басын біріктірген сегіз топ қатысты.
Артур жүкті әйелдерге арналған пайдалы жиынтықтар идеясын ұсынған. Олардың ішінде витаминдер, кремдер және белдіктер бар. 3-4 жылдан кейін бұл идеяны Қазақстанда жүзеге асыру жоспары бар. Ол үшін арнаулы онлайн платформа әзірлейді.
19 жастағы Артур Шин Сеулге Алматыдан барған. Қазір Кореядағы университеттің 2-курс студенті.
Қазақстандағы өмір сапасын жақсарту үшін не ойлап табуға, нені енгізуге болатыны мені қатты қызықтырды. Кореяда маған мемлекет тарапынан жасалған үлкен медициналық көмек өте ұнады. Президентіміз айтқандай, біз жаңа Қазақстанды саламыз - дейді Артур Шин.