Алматыға жақын маңда жер сілкінді
EL.KZ Информационно-познавательный портал
01.04.2023 09:36
Фото:
IStock
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақытымен 1 сәуір, сағат 01.52-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 280 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 11,0.
MPV магнитудасы – 5,1.
Тереңдігі – 10 шақырым.
МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ.

