instagram.com/realmadrid

Алматыға «Реалдың» жұлдызды құрамы келеді – БАҚ

«ЖаркOFF» telegram-арнасы Алматыда өтетін матчқа мадридтік «Реалдың» негізгі құрамы келетінін алға тартты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Автор мұны УЕФА-дағы сенімді дереккөзіне сілтеме жасай отырып хабарлаған. Оның сөзінше, оңтүстік астанаға Тибо Куртуа, Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор, Федерико Вальверде, Арда Гюлер, Родриго сынды футболшылар келеді.

Ойыншылар тізімін өз көзіммен көрдім, алайда оны жария етуге құқығым жоқ. Дегенмен мәліметтің растығына кепілдік беремін, , - деп жазды ол

Тізімге енбеген футболшы – Дани Карвахаль. Қорғаушы бірінші турда «Марсельге» қарсы ойында қызыл қағаз алған еді.

Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өз алаңында «Реал Мадрид» клубын қабылдайды. Тарихи матчтың билеттері толықтай сатылып кеткен.