Алматыдан Ташкентке бағыт алған ұшақ әуежайға шұғыл түрде қайта қонды
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
18.09.2023 09:34
Фото:
Әлеуметтік желі
Алматыдан Ташкентке ұшып шыққан Air Astana ұшағы әуежайға шұғыл түрде қайта қонды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әуе компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 қыркүйекте А320 ұшағында Алматы – Ташкент бағыты бойынша КС 127 рейсі кезінде қозғалтқыштың техникалық ақауына байланысты әуежайға қайта оралды.
Air Astana қонудың штатты режимде болғанын түсіндірді. Жолаушылар тамақпен және сусындармен қамтамасыз етілген.
Рейс енді резервтік ұшақпен ұшпақшы.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

