Жаңалықтар

Алматыдан шығуға тыйым салынған Қайрат Боранбаев Парижге барады

Алматыдан шығуға тыйым салынған Қайрат Боранбаев Парижге барады
Фото: instagram.com/f.c.kairat 07.02.2024 13:00 5517

«Қайрат» бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев УЕФА-ның 48-конгресіне және Париждегі УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 топтық кезеңінің жеребе тарту рәсіміне қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

УЕФА Әділ ойын және әлеуметтік жауапкершілік комитетінің екінші вице-төрағасы қызметін атқаратын, сондай-ақ УЕФА Балаларға арналған қорының басқарма мүшесі Боранбаев Қайрат Советайұлы ресми шақыру алып, УЕФА-ның 48-конгресі мен Парижде өтетін УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 топтық кезеңінің жеребе тарту рәсіміне қатысады, - делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Айта кетейік, бұған дейін 6 жылға бас бостандығынан айырылған Боранбаев көп уақыт өтпей бостандыққа шықан болатын. Себебі мемлекетке байлығының бір бөлігін тапсырған соң ол жазасын тұрғылықты жері бойынша өтеуі керек еді. Сондықтан Боранбаевтың Парижге қалай баратыны белгісіз. 

ІІМ ҚАЖК деректері бойынша бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазамен ауыстырылған Қайрат Боранбаев 2023 жылғы 6 қарашада бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, жазасын тұрғылықты жері бойынша өтейді, - делінген болатын құжат мәліметінде.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттар лигасы 2024/25 жеребе тарту рәсімі 8 ақпан күні өтеді. Қазақстан құрамасы С лигасындағы қарсыластарын біледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға