Алматыдан 500 шақырым аумақта жер сілкінісі сезілді
25.06.2023 09:49
Фото:
Ашық дереккөзден
"Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі Астана уақытымен сағат 2:51-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жерасты дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 500 шақырым қашықтықта орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.7. MPV магнитудасы – 4,6. Тереңдігі – 5 км. MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы ақпарат жоқ", - деп жазылған аталған хабарламада.

