Алматыдан 388 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
23.08.2022 18:31
1201
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның Сейсмикалық станциялар желісі 23 тамыз күні жергілікті уақытпен сағат 16:03-те Алматы қаласынан 388 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz.
Жер сілкінісі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 388 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.6. Магнитудасы - 4.1. Эпицентр координаттары 41,67° с.е және 81,14° ш.б. Тереңдігі – 15 км. MSK-64 шкаласы бойынша Алматы қаласында сезілген жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлттық ұлан сарбазына күш қолданған адам 4 жылға сотталды