Алматыдан 250 шақырым қашықтықта тағы жер сілкінді
24.01.2024 09:02
Фото:
Әлеуметтік желіден
Афтершок сағат 07:35-те Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Магнитудасы – 4.9. Тереңдігі – 5 км.
Алматыда сезілгені туралы ақпарат жоқ, дегенмен Алматы облысының кей тұрғындары зілзаланы сезінгендерін жазып жатыр.

